"Головкин-Канело" әлде "Конор-Хабиб": қай жекпе-жек көп табыс әкелді?
Ережесіз жекпе-жек чемпионатының президенті Дана Уайт Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен UFC 229 турнирінің қанша табыс түсіргенін мәлімдеді деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Билеттер сатылымынан түскен табыс мөлшері 17,2 миллион долларды құрады. T-Mobile аренасында өткен жекпе-жекті тамашалауға 20 034 адам келген.
Бұл көрсеткіш бірлестік тарихында екінші орынға иеленді. Бірінші орын Madison Square Garden-да өткен UFC 205 турнирдің еншісінде. Бұл кеште билеттер сатылымынан 17,7 миллион АҚШ доллар түскен.
Айта кетейік, Конор Макгрегор мен Хабиб Нурмогамедовтың арасындағы жұдырықтасу ресейлік спортшының жеңісімен аяқталған болатын. Ирландиялық спортшыны қарсыласы қылқындырып ұтып кеткен. Кездесу соңында Нурмагомедов жанжал шығарып, екі спортшы да алаңнан қуылды. Оған қоса, ресейлік палуанныңүш топтасын полицейлер тұтқынағ алды.
UFC 229-дың табысын жақын арада өткен "Головкин-Канело" жекпе-жегінен түскен қаржымен салыстырғанда, бокс кеші көбірек табыс әкелгенін аңғаруға болады. 15 қыркүйек күні өткен жұдырықтасу 23,47 миллиион доллар түсірген.