Қазақстандық спортшы қыз сынған қабырғасымен күресіп, чемпион атанды
Қазақстан атынан Азиада топ жарған каратэші Гузалия Ғафурова үшін бұл алтын жүлденің орын бөлек. Төрт жыл бойы спорттан алшақ болған бойжеткен биылғы финалына қабырға жарақатымен шығып, каратэ бойынша үздік атанды деп жазады NUR.KZ.
Гүзалия Ғафарова Азия ойындарының осымен кі дүркін жеңімпазы атанып отыр. 2014 жылы болған додада ол сенімді түрде алтын жүлдеге лайық болып саналса, биыл бапкерлер штабы төрт жыл бойы үзіліс алған спортшыға сенімсіздік танытқан. Каратэші ана атанып, біраз уақытын бала күтіміне арнауға мәжбүр болған.
Алайда, ештенеге қарамастан Ғафарова өз мықтылығын дәлелдеп, ел қоржынына алтын медаль түсірді. Өзінің бірінші жекпе-жегінде бірден жеңіске лайықты екенін көрсеткен Гүзалия бұрындары жарыстар кезінде басынан өткен әсерлерді қайта сезінді.
Жартылай финал кезінде Ғафарова бір сәтке армандарының орындалмай қаларына қатты алаңдады. Қабырға жарақатын алған спортшы финалдық кездесу алдынада өзін сенімсіз сезінді.
Қабырғасы қатты ауырғанына қарамастан ол ақтық сынға өзінің баяғыдан бері келе жатқан қарсыласына төтеп бермек болды. Гүзалия 2014 жылғы алтынды дәл сол қытайлық Линлин Таннға қарсы сында жеңіп алған болатын.
"2014 жылға қарағанда, биыл қиынырақ болды. Қабырғамды жарақаттап алған соң өзіме сенімсіз болдым. Финалдағы жеңісімен тек қана 701 пайызға сендім", - деп айтты спортшы.
Төрт жылдық үзіліс пен қабырға жарақатының қиыншылығынан кейін келген алтын жүлденің каратэші қыз үшін орын бөлек болғаны анық.
NUR.KZ
NUR.KZ