Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Торда тулап теңбіл доп

Торда тулап теңбіл доп


Төрткіл дүние көз тіккен әлемдік доп додасы көршілес Ресей елінде өтіп жатыр. Спорт мерекесі Ресейдің 11 қаласында жалғасын тауып, әлемнің үздік аяқ допшылары сынға түскен бәсекені тамашалауға 1,5 млн. турист келеді деп күтілуде. Бразилиядағы бой тұмар Фулеко деп аталса, бұл чемионаттың бой тұмары ЗАБИВАКА есімді қасқыр. Бір қызығы Ұлы Русия деп аталған мыңдаған жылдық тарихы бар мемлекет өз тарихында мұндай көлемдегі футбол тойын алғаш рет мемлекет қазынасынан нысандарды салуға
352 млрд. рубл бөлініп, бұл қаражатқа стадиондар мен демалыс орындары салынған. Ұйымдастырушылар ол қаржы толығымен өтеліп, пайдаға кенелеміз деп отыр.
Әлем біріншілігінің тарихына үңілетін болсақ ФИФА (Әлемдік футбол федерациясы) 1904 жылы Голландия, Швейцария, Дания, Белгия, Франция елінің өкілдерінің бас қосуының нәтижесінде құрылған. Алғашқы ФИФА президенті Робер Герен 1904-1906 жылдары басшылық еткен. Федерацияның басты қарсыластары ағылшын футбол федерациясы болған. Ең алғашқы біріншілікті футболдың отаны саналатын ағылшындықтар емес ФИФ-ның шешімімен 1928 жыл Уругвай 68 мың адамдық стадионда өткізген деген дерек бар. Біріншілікке 13 ұжым, оңтүстік Америкадан 7, Еуропадан 4, Оңтүстік Америкадан 2 қатысқан. Финалда Аргентина мен Уругвай кездесіп, 4-2 есебімен Уругвай футболдан алғашқы әлем чемпиондары атанады. Сол сәттен бастап біріншілік дәстүрлі түрде 4 жылда бір өткізіледі.
Әдеттегідей биылғы әлем чемпионатында басты фавориттер болып Испания, Франция, Германия құрамалары танылған. Себебі, осы аталған құрамалар ең талантты деген футболдың жарық жұлдыздарын құрамында алып келген. Бірақ та осы аталған құрамалар алғашқы кездесулерде-ақ ұпайдан шашау шығарып, ортаңқол құрамалар төрге озып жатыр. Мәселен, Бразилия күтпеген жерден Швейцариямен тең түссе,Аргентина Исландия құрамасымен ұпай бөлісті. Ал, әлем чемпионы Германия Мексикадан, Колумбия Жапониядан жеңіліп жанкүйерлерінің наразылығын тудырды. Азуын айға білеген соңғы, 10 жылдықтың үздік ойыншылары Месси мен Еуропа чемпионы Роналду бастаған Аргентина,Португалия құрамалары да жүлдеден аянып қалмақ емес. Роналду үшін бұл соңғы әлем біріншілігі, Месси болса ұлттық құрамамен әлі ешқандай жүлдеге жетпеген. Демек, қос футбол­шының бұл бәсекеде жанын­ салып ойын көрсетері сөзсіз.
Турнирдің аутсайдерлері саналған Ресей құрамасы айды аспанға шығарып, топтағы Египет пен Сауд Арабия құрамасын басып озды. Екі кездесуде 8 доп соққан алаң қожайындары біріншілікті ұйымдастырушы елдер тарихында ең көп доп соққан команда есебінде есте қалды. Турнирды Португалия, Германия,Франция елдері өткізгенін ескерсек бұл керемет көрсеткіш. Біріншіліктің алдында Ресейдің бас бапкері Черчесов қызметінен кетпесе, құрама мазақ болады дегендер аз болмады. Бапкер бұл сындарға сөзімен емес ісімен жауап қатты.
Әзірге доп додасының үздік шабуылшылар көшін Ресей шабуылшысы Денис Черешов пен Криштияну Роналду бастап тұр. Екі кездесу қорытындысы бойынша Роналду еншісінде 4 доп, тиісінше Черешовта 3 доп. Журналистер қауымы Роналдудың бұл ерлігін асыра жазып,мақтауын келістіріп жатыр. Биылғы алтын допты португалдық ойыншы алуы тиіс деп ерте бастан пікір айтқандар да аз емес. Чемпиондар лигасын жеңіп, әлем чемпионатында да атой салса, «Алтын допты» Роналду алмағанда кім алсын? Мүмкін Салах дейтін шығарсыздар.Әй қайдам, Мысыр мен бүкіл мұсылман жұрты жанкүйерлік еткен, Англияның үздік ойыншысы Салахтың ойыны ешкімді разы етпеді. Әрине, мұның себебі чемпиондар лигасының финалында Рамос салған жарақаттан болуы әбден мүмкін. Дегенмен, бұл – спорт. Ешкімді кіналәп қажеті жоқ. Бәрі қаралайтын сол Роналду Франциядағы біріншіліктің алдында жарақат алып қалмап па еді, әйтсе де мықтылығын дәлелдеп Португалияны жеңімпаз етті.
Біріншілік өзге де қызықтарға толы. Жас ойыншылардың жұлдызы жанып, скауттардың көзіне түсетін тамаша мүмкіндіктер алаңы. Мысалы, Колумбияның жарық жұлдызы Хамес Родригес 2014 жылғы доп додасында жасындай жарқырап, үздік шабуылшы атанды. Пересті бұл бей-жай қалдырмай Реал Мадрид командасына 85 млн. еуроға ауысты.
Биылғы турнирде жанын салып, сарапшыларды ойынымен тәнті еткен Ресейлік жартылай шабуылдаушы қорғаушы Александр Голавин. Екі кездесуде 1 доп және 2 нәтижелі пасымен көзге түскен 21 жасар ойыншы үшін бұл кермет көрсеткіш. Англияда атой салған Аршавиннен кейін Ресейлік жанкүйерлер осы Голавиннен үлкен үміт күтері сөзсіз. Сыбыстар бойынша Ювентус біріншілік аяқталысымен жас ойыншыны өз сапында көру үшін барын салатын секілді.
Чемпионат қарсаңында сүйікті командасына жанкүйер болып қана қой­май ұтыс тігетіндер де аз емес. Тіпті көріпкелдер болжам айтып, енді бірі кімнің жеңетінін болжатып та жатыр. Ресейдің зоопарктерінің бірінде қоян Ресейдің жеңісін 2 рет болжап, дәл айтыпты-мыс. Мұның бәрі әрине ақымақтық. Ақыл есі бар адамның білмегенін жануар қайдан білсін.
Осы ретте ақылдылар мен жолы болғыштарды жеңімпаз ететін букмекерлер болжамын жөн көріп отырмыз. Букмекерлік орталықтың пайымынша бас­ты фаворит Бразилия құрамасы, ал анық аутсайдерлер Марокко, Тунис, Панама құрамалары. Әйтсе де мықтылар жығылып жатқан бәсекеде алда қандай қызықтар болары бір Аллаға ғана аян. Бас­тысы, теңбіл доп торда тулап, ойыншылар бізді есепсіз голдарымен қуантса болғаны.
Қызық дерек: Германия өз тарихында әлем біріншілігінің алғашқы ойынын еш уақытта жеңіліспен бастамаған. Испания болса алғашқы кездесуде ұпай жоғалтса, міндетті түрде сол біріншіліктің жеңімпазы атанады.
Рамазан Әнәпия,
Қорқыт ата атындағы
ҚМУ-дың студенті.
24 маусым 2018 ж. 1 496 0