Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Атыраулық параспортшы жүзуден Берлинде өтіп жатқан Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Атыраулық параспортшы жүзуден Берлинде өтіп жатқан Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды


Германияда әлемнің 50-ден астам елінен ең мықты деген 550 параспортшылар жиналған жүзуден әлем чемпионаты өтуде. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Жарыстың алғашқы күнінде атыраулық жүзуші Ержан Сәлімгереев өзінің қарсыласынан басым түсіп, баттерфляй стилінде 1: 21.61 есебімен 100 метр қашықтықты жүзіп өтіп, чемпион атанды.
Өткен жылы Паралимпиада чемпионы Ержан Сәлімгереев ұлттық құраманың командасында Германиядағы ашық кубок жарыстарына қатысты. Отандасымыз 50 және 100 метр қашықтықта екі рет қола медальді жеңіп алды.
Сондай-ақ, тағы бір спортшымыз Дмитрий Ли 200 метрге дейін еркін стильде жүзіп өтіп, күміс медальді қанжығалады. Сонымен қатар, Ержан мен Дмитрий мамыр айында өткен Қазақстан чемпионатында үш бірдей қашықтықта жеңіп, екеуі де Берлинде өтіп жатқан Әлем чемпионатына жолдама алған.
Stan.kz
09 маусым 2018 ж. 945 0