Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛАДОП АЛАМАНЫ АЯҚТАЛДЫ

АЛАДОП АЛАМАНЫ АЯҚТАЛДЫ

АҚШ, Канада және Мексика жасыл алаңдарында өткен 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионаты испан құрамасының тарихи жеңісімен мәресіне жетті. Финалда Испания құрамасы экстра-таймда Аргентинаны 1:0 есебімен тізе бүктіріп, өз тарихында екінші рет Әлем чемпионы атанды.
Әлем чемпионатының финалы Нью-Йоректе өтіп, матчты АҚШ президенті Дональд Трамп, ФИФА президенті Джанни Инфантино және өзге де танымал тұлғалар трибунадан тамашалады. Ашылу салтанаты ерекше сән-салтанатпен ұйымдастырылып, оған Голливуд жұлдызы Том Круз да қатысты. Осыдан кейін алаңға қазіргі ФИФА рейтингіндегі әлемнің ең мықты екі құрамасы – Испания мен Аргентина шықты.
Кездесу барысында қарсыластар жылдам гол соғуға тырысты. Алғашқы минуттан испаниялық құрама белсенділік танытты. Аргентина қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, қорғаушыларды көп әбігерге салды. Ендігі бір сәтте Оңтүстік Америка құрлығының өкілдері қарымта шабуылдар ұйымдастырды.
Екінші кезеңде испаниялық футболшылар қарқынын арттыра түсті. Осындай сәттің бірінде аргентиналық Энцо Фернандес қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталып, қосымша кезеңге ұласты. Қосымша кезеңнің 106 минутында испаниялық Ферран Торрес мергендік танытты. Осылайша Испания құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, 2026 жылғы әлем чемпионы атанды.
Матчтағы басты назар «Барселонаның» бұрынғы және қазіргі жұлдыздары – аргентиналық Лионель Месси мен испаниялық Ламин Ямальда болды.
Бір айдан астам уақытқа созылған дүбірлі додада осылайша мәресіне жетіп, тарих шежіресіне жазылып қалады.

М.ИБРАГИМ
27 шілде 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031