Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Милад Карими спорттық гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Милад Карими спорттық гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Милад Карими спорттық гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атандыҚазақстандық гимнаст Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. Карими еркін жаттығулар бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 14.300 ұпай жинап, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Беларусь спортшысы Егор Шарамков 14.533 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Үшінші орын жапониялық Казуки Минамиге бұйырды – 14.200. Сондай-ақ бүгін, 7 наурызда қоссырықтағы жаттығулар бойынша финал өтті. Қазақстандық Дмитрий Патанин 13.166 ұпай жинап, жетінші орын алды. Айта кетейік, алда Қазақстан құрамасын тағы бірнеше финал күтіп тұр. Милад Карими мен Диас Тойшыбек кермедегі жаттығуларда өнер көрсетсе, Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуларда бақ сынайды.
 
07 наурыз 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031