Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан футбол лигасының жаңа президенті сайланды

Қазақстан футбол лигасының жаңа президенті сайланды

Qazaqstan Football League президенті ретінде Ерлан Жамантаев сайланды. Бұл шешім Лига мүшелерінің сырттай отырысында қабылданды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Qazaqstan Football League баспасөз қызметі мәлімдеді.
Дауыс берушілердің көпшілігі 50 жастағы қазақстандық маманның кандидатурасын мақұлдады

Айта кетейік, Ерлан Жамантаевтың есімі отандық спортта кеңінен танымал. Ол кезінде кәсіби футболмен айналысып, «Ұшқын-Искра» атты жекеменшік клубтың жетекшісі, бас бапкері болды. Түрлі жылдары жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасын тізгіндеп, Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментін басқарды. 2021-2023 жылдары «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы қызметін атқарып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Осыған дейін 2024 жылы Бірінші лиганың бес дүркін жеңімпазы атанған «Оқжетпес» ФК директоры болды. Сондай-ақ, ол «Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы» қауымдастығының бас хатшысы міндетін атқарады.

Фото: qfl.kz

08 қаңтар 2025 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930