Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біздің балуанға бұйырды

Біздің балуанға бұйырды

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандарына тағы бір жолдама бұйырды.

Біздің балуанға бұйырды
Фото: @sportqazaq, телеграм

57 кг салмақта белдесетін Азия чем­пионатының қола жүлдегері Мей­рамбек Қартбай Париж Олимпия ойындарында белдесуге мүмкіндік алды. Ресейлік Заур Угуев Париж Олим­пиадасына барудан бас тартқан­дықтан, оған тиесілі жолдама біздің балуанға бұйырды. Өйткені тоғыз ай бұрын Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында Мейрамбек осы Угуевке есе жіберіп, лицензиядан қағылған еді. Ақтөбе облысы Ембі қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі алғаш рет жазғы Олимпиада додасына қосылады.
«Ресейлік балуандардың бару-бармауы бұлыңғыр болғандықтан да жолдамадан үмітімді үзбей, жаттығуды жалғастырдым. Ұлттық құрама сапында Дағыстанда әзірлік жүргіздік, 57 кг салмақта Олимпиада медалі үшін белдесуге шығатын балуандардың барлығы да сыралғы қарсылас, бәрінің де күресу өнерін, қайратын білемін. Маған осындай мүмкіндік бұйырғанда барымды салып күресемін», деді М.Қартбай.
11 шілде 2024 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031