Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Михаилдың мерейі үстем

Михаилдың мерейі үстем

Қазақстанның танымал теннисшісі Михаил Кукушкин Испанияның Те­не­рифе қаласында аяқталған «Че­ленд­жер» турнирінің жеңімпазы атанды.

Михаилдың мерейі үстемІріктеу сайысында франциялық Лоран Локалиді жолынан ығыстырған жерлесіміз одан кейін сол елдің тағы бір өкілі Франко Агаменоне, болгариялық Дмитар Кузманов және испаниялық Данэль Мерида Агилардан айласын асырды. Жартылай финалда Пи­реней түбегінің ойыншысы Мартин Лан­далустен басым түскен Кукушкин финалда италиялық Маттео Джигантемен кездесті. Бірінші сет оның пайдасына шешілсе, екін­шісінде жарақат алған қарсыласы бәсе­кені жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп, екі апта аралығында Михаил қатарынан екі турнирде топ жарды.
Ал Аргентинаның Тукуман қаласындағы жарыста Дмитрий Попко табысты өнер көрсетіп жатыр. Жартылай финалда корт қожайыны Федерико Агустин Гоместен басым түскен ол шешуші сайыста бразилиялық Педро Сакамотомен күш сынасады.
05 наурыз 2024 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031