Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ширек финалға шықты

Ширек финалға шықты

Теннистен Дохада өтіп жатқан WTA-1000 додасында Елена Рыбакина (№4) табыс­ты өнер көрсетіп жатыр. Ол алғашқы ай­налымда бос болып, келесі кезеңде қы­тайлық Чжу Линді (№57) ұтты.

Ширек финалға шықты
Фото: sports.kz

Кеше еліміздің бірінші ракеткасы ис­паниялық Эмма Наварромен (№23) шеберлік сынасты. Бірінші сетте Елена қарсыласын оңай еңсергенімен, екіншісінде тай-брейкте есе жіберді. Десек те, шешуші кезеңде қарқынын күрт күшейткен отандасымыз бұл бәсекені өз пайдасына шешті – 6:1, 6:7, 6:4. Ширек финалда Рыбакина канадалық Лейла Фернандеспен (№38) кездеседі. Манамада ұйымдастырылған турнирде Михаил Кукушкин де (231) дәл межеге жетті. 1/8 финалда ол швейцариялық Александр Ричардтан (№181) басым түсті – 6:4, 6:1.
Ал Александр Бублик (№23) Роттер­дамдағы ATP-500 жарысының екінші кезе­ңінен аса алмады. Отандасымыз кезінде әлем­дегі үздік үш теннисшінің қатарына енген, қазіргі кезде 309-сатыға тұрақтаған Канаданың өкілі Милош Раоничтен ойда-жоқта ұтылды – 4:6, 4:6.
16 ақпан 2024 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930