Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде ала доп додасы жалғасуда

Шиеліде ала доп додасы жалғасуда




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында «Бұқаралық спортты дамыту пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, соның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз» деген еді.

Өткен аптаның жексенбі күні мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан «Шиелі ауданы әкімінің кубогының» турнирі өтті.
Жексенбі күні өткен турнирде 4 ұжым командалары алғашқы орындарға жайғасты. Атап айтқанда, Шиелі ауданы әкімдігі, Шиелі АПБ, Шиелі аудандық ауруханасы, Шиелі РЭС алғашқы бестікте көш бастады. 

Бұл жолы Шиелі ауданы әкімдігі командасы қарсылас ойыншыларға ерекше шабуыл жасап, Шиелі өрт командасын 6:4 есебімен жеңіп, аудан әкімдігінен жасақталған команда құрамы жеңіс тұғырынан көрінді. Одан кейін Шиелі РЭС командасы Шиелі сушар командасын 5:10 есебімен ойсырата жеңіп, жеңістің екінші тұғырын місе тұтты.

Айта кетейік, турнирге мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина, білім беру салалары мен орман, су, өртке қарсы қызмет, теміржол сынды бірқатар мекеме өкілдері және ардагерлерден жасақталған 14 бірдей команда қатысып жатыр.
Турнир әр аптаның жексенбі күндері ұйымдастырылып, бірнеше айға созылатын болады. Аталған турнир 26 кезеңнен тұрады.
22 мамыр 2023 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930