Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем құрамасы үздік шықты

Әлем құрамасы үздік шықты



Астанадағы шахматтан әлем чемпионатының аясында тарихта тұңғыш рет әйелдер арасындағы Қазақстан мен дүние жүзінің ең таңдаулы гроссмейстерлерінен жасақталған әлем құрамасының матчы өз мәресіне жетті. Жарыс ережесіне сәйкес, шахматшылар турнирдің алғашқы екі күнінде рапидтен сынға түссе, кеше блиц бойынша шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлестеріміз өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Үш күнге жалғасқан ойлылар додасында әлем құрамасының шахматшылары үздік шықты.

Бұған дейін жаз­ға­ны­мыз­дай, рапид бойынша өткен алғашқы екі күнде отандас­тарымыз әлем құрамасына бес ұпай айыр­машылығымен жол берген еді. Алғашқы төрт турда әйелдер арасындағы әлем­­дік рейтингте көш бас­тап тұрған қытайлық Хоу Ифань бас­таған шахматшылар 18,5:13,5 есебімен алға шығып ал­са, кейінгі күнгі бәсекеде де қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Бибісара Асаубаева, Ди­нара Сәдуақасова, Жансая Әбді­мәлік секілді тәжірибелі гросс­мейстерлеріміз қар­сы­лас­т­а­ры­на лайықты қар­сылық көр­­сеткенімен, жас шахматшыларымыз жер-жаһанның үз­діктері алдында тәжірибесіз­дігін танытты. Сөйтіп екінші күнгі төрт турдан кейін, яғни жалпы сегіз турдың қоры­тындысы бойынша Дана Рейзниеце-Озола жетекшілік еткен әлем құрамасы 34,5-29,5 есебімен жеңіске жетті.

Бір айта кетерлігі, сол екі күнде жылдам шахматтан (блиц) әлемнің екі дүркін жең­ім­пазы Бибісара Асаубаева төрт дүркін әлем чемпионы 29 жастағы қытайлық Хоу Ифаньді екі рет тізе бүктіріп, тур­нирді тамашалауға келген ма­мандар мен жанкүйерлердің назарын өзіне аудартты.

Жерлестеріміз рапид жарысы бойынша қарсыластарына жол бергеннен кейін жан­күйерлер блиц бәсекесінде отан­дастарымыздан нәтижелі ойын күткен болатын. Өйткені кейінгі жылдары Қазақстан шахматшылары жылдам шахматта толайым табыстарға қол жеткізіп жүр. Дегенмен, бұл сайыста да Қазақстан құ­ра­­ма­сының ойыншылары қар­сыластарынан жеңіліп қалды.

Блиц бойынша әлемнің ең үздік шахматшысы саналған Бибісара Асаубаева сегіз матч­тың төртеуінде жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасын жалпы есепте алға сүйресе де, өзге әріп­тестері оған көмектесе ал­мады. Хоу Ифаньді рапидте екі мәрте жеңген Бибісара бұл жолы сол жетістігін қайталай алмады. Блицте ол қытайлық қарсыласынан бір мәрте басым түсіп, бір рет жеңіліп қал­ды. Ал Динара Сәдуақасова (үш тең ойын) мен Жансая Әб­ді­мәлік (төрт тең ойын) бір­де-бір кездесуінде жеңіске жете ал­мады.

Сөйтіп 8 турдың қоры­тын­­дысы бойынша әлем құра­масы бұл жолы да жерлес­терімізді айқын басымдықпен қапы қалдырды – 38,5-25,5. Ережеге сәйкес, жеңімпаз атан­ған құрамаға уәде етілген 30 000 АҚШ доллары, екін­ші орынға 20 000 доллар кө­леміндегі қар­жылай сыйақы бе­рілді.

Өз елімізде ұйымдасты­рыл­ған жарыста отандаста­рымыз жанкүйерлерін жеңіс­пен қуанта алмаса да, көрер­мендерге тартысты ойын сый­­­лай білді. Сонымен қа­тар жас шахматшыларымыз әлем­нің ең үздіктерімен ше­бер­лік байқасып, өздеріне өмір­лік азық болатын мол тә­жі­рибе жинады. Сондықтан бұл матч­та елдің шахматы да, шахматшылары да жеңілген жоқ деген ойдамыз.
20 сәуір 2023 ж. 521 0