Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық гимнаст Түркияда қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық гимнаст Түркияда қола жүлдеге ие болды



Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Түркияның Анталья қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, З.Ыдырысов ат снарядында 14.066 балмен үздік үштікке ілікті.
Аталған жарыста армениялық спортшылар алға озды. Гамлет Манукян (14.633) чемпион атанса, Мамикон Хачатурян (14.100) күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетсек, бұл – Қазақстан спортшыларының гимнастика тарихында жасөспірімдер арасында әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
Антальядағы әлем біріншілігі бүгін, 2 сәуірде аяқталады.
02 сәуір 2023 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930