Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексикадағы бәсекеде жаңарған бірінші рекорд

Мексикадағы бәсекеде жаңарған бірінші рекорд

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Надежда Ли 64 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық жұлқа көтеруде 85 келіні, серпе көтеруде 105 келіні сәтті еңсерді. Жалпы нәтижесі – 190 кг. Бұл салмақта колумбиялық Ингрид Ванесса Сегура чемпион атанса, Венесуэла өкілі Кейли Сильва үздік үштікті түйіндеді (187 кг).
Қазір Қазақстан құрамасы 9 алтын, 3 күміс және 6 қола медальмен жалпы есепте көш бастап тұр. Барлығы Мексикадағы чемпионатта 22 ел жүлде жеңіп алды.
Айта кетейік, жоғарыдағы медаль есептеу кезінде жалпы нәтижемен қатар жұлқа және серпе көтеру жаттығуындағы жекелей жүлделер де есепке алынды.
Едіге Емберді 172 келі зілтемірді көтеріп, серпе көтеруде жасөспірімдер арасында әлем рекордын тіркеді.
Бұл Мексикадағы бәсекеде жаңарған бірінші рекорд.
Қазақ спортшысы жалпы есепте 306 киломен топ жарды. Өзбекстандық Диорбек Ирматов – күміс, канадалық Брайан Ибаньес – қола жүлдегер.
17 маусым 2022 ж. 5 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930