Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » WTA 1000: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды

WTA 1000: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды



Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турнирінің финалындағы қарсыласы кім екені белгілі болды.

Жартылай финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова мен дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған румыниялық Сорана Кырстя кездесті.
Бірінші сетте румыниялық теннисші 5:2 есебімен алға шыққанымен, қатарынан бес геймде ұтылып қалды – 7:5.
Екінші сетте чехиялық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. 1 сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында П.Квитова 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алған жоқ.
Осылайша, Майами мастерс жарысының финалында Елена Рыбакина Петра Квитовамен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, олар бұған дейін екі рет кездескен, есеп – 1:1. Өткен жылы Острава (Чехия) додасында қазақстандық теннисші 7:6 (7:3), 6:4 есебімен басым түссе, биыл Аделаида 2 (Аустралия) турнирінде П.Квитова жеңіске жетті – 6:3, 7:5.
01 сәуір 2023 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31