Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты



Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші 2020 жылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, қазіргі кезде рейтингте 170-орында тұрған америкалық Софья Кенинмен кездесті.
Е.Рыбакина тартысты бәсекеде 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.
Екі сағат 8 минутқа созылған матчта қазақстандық спортшы 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. С.Кенин эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Е.Рыбакина келесі айналымда испаниялықтар, әлемнің 22-ракеткасы Паула Бадоса немесе рейтингте 88-сатыдағы Нурия Парризас-Диастың біреуімен шеберлік байқасады.
Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Индиан-Уэллс WTA 1000 додасы 19 наурызға дейін жалғасады. Онда өткен жылы әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек чемпион атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 14 жасар қазақстандық теннисшінің Үндістанда өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
12 наурыз 2023 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (9369).

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (9368)

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031