Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболшы Неймарға операция жасалды

Футболшы Неймарға операция жасалды



«Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы Неймар да Силва Сантос Жуниордың жарақаттанған тобығына операция жасалып, ол оңалту курсын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Операция Катарда жасалған.
«Бүгінгі медициналық мәлімет оң жақ тобығын жарақаттап алған Неймарға қатысты. Оған Дохадағы Аспетар ауруханасында ота сәтті жасалды», – делінген ақпаратта.
Неймар 19 ақпан күні Франция чемпионаты аясында «Лилльмен» болған матчта буын сіңірінің созылуынан ойыннан шығып қалған еді. Бұған дейін 31 жастағы Неймар 3-4 ай оңалып, биылғы маусым соңына дейін алаңға оралып үлгермейтіні туралы жазылған болатын.



Биылғы маусымда Неймар түрлі турнирлер аясында 29 матчта ойнады. Нәтижесінде 18 гол соғып, голмен аяқталған 17 сәтті пас берді. Өткен жылдың соңында ол Бразилия құрамасының сапында Катардағы Әлем чемпионатына қатысты.
11 наурыз 2023 ж. 302 0