Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атандыҚазақстандық Абзал Әжіғалиев шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық шорт-трекші 500 метр қашықтықта жүлдегерлер қатарынан көрінді.
А финалында Абзал Әжіғалиев олимпиада чемпионы, канадалық Максим Лауннан кейін мәре сызығын екінші болып қиды. Тағы бір олимпиада чемпионы, кореялық Ли Джон Су үздік үштікке ілікті.
Бұл – биылғы әлем кубогіндегі Қазақстан құрамасының (бас бапкері – Орал шорт-трегінің түлегі Нұрберген Жұмағазиев) екінші медалі. Осыдан бір апта бұрын Канаданың Монреаль қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрлік эстафеталық жарыста күміс жүлдегер атанған еді.
Солт-Лейк-Ситидегі әлем кубогі кезеңі 6 қараша күні де жалғасады.
Батыс Қазақстан облысынан түлеп ұшқан А.Әжіғалиев 2016 жылы осы Солт-Лейк-Ситиде 500 метр қашықтықта қазақстандықтар арасынан алғаш рет әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанған болатын.
06 қараша 2022 ж. 1 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031