Қызылордалық спорт жанашырлары қос қуанышқа кенелді
Қызылордалықтар қасқырлар биылғы маусымды аяқтап, Премьер лигаға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кеше Қайсар өз алаңында Жетісуды қабылдады. Ойынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барып, командаға жанкүйер болды.
Алаң иелері үшін тең ойын алдағы жылы Премьер-лигаға жолдамаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін еді. Ойын барысы да тура солай аяқталды.
Кездесу барысында екі команда да алға қарай ұмтылды. Дегенмен таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Нәтижесінде қызылордалық команда алдағы жылы Премьер-лигаға жолдама алды.
Шара соңында облыс әкімі команданы құттықтап, спорт жанашырлары үшін ақжолтай жаңалықты жеткізіп, жаңа стадион салу бастамасы қолға алынатынын айтты.
Ресейдің Краснодар қаласында былтырғы жылы бір жыл ішінде 10 мың орындық 12 миллион долларға жабық стадион салынған екен. Келесі жылы біз де сондай жаңа стадион құрылысын бастауға ниеттіміз. Бұл ұсынысты жерлестерім, ірі компаниялар мен кәсіпкерлер қолдайды деп сенемін,-деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі жасыл алаңдағы еңбек жолын аяқтап жатқан Мақсат Байжановқа сәттілік тіледі.
https://baq.kzБүгін Сыр спортының саңлағы Мақсат Байжановтың үлкен спортпен қоштасу рәсімі болмақ. Мақсаттың спорттық межесі өз мерейімен айшықталады. Оның ел біріншілігінде 500-ге жуық ойын өткізіп, 80-ге жуық гол саққан мергендігімен көрінді. Сондай-ақ қысылтаяң шақта команда жауапкершілігін арқалады. Мақсаттың осыдан-ақ мықтылығы көрініп тұр,-деді Нұрлыбек Нәлібаев