Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » UFC: Шавкат Рахмонов төртінші жекпе-жегін мерзімінен бұрын ұтты

UFC: Шавкат Рахмонов төртінші жекпе-жегін мерзімінен бұрын ұтты

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC Vegas 57 турнирі өтіп жатыр. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Басты кардта қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгнимен кездесті. 
Жекпе-жектің бірінші раундында Шавкат айқын басым болды. Партерде қарсыласын тырп еткізбей ұстап, алғашқы үшминуттықты өз еншісіне жазды. 
Екінші раунд аяқталар тұста 27 жастағы қазақстандық файтер Нилды қылқындырып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті. 
Осылайша, Шавкат UFC-дағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. 
Айта кетейік, дәл осы турнирдің басында тағы бір жерлесіміз Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пайваны ұтты.
26 маусым 2022 ж. 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31