Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысында жеңіске жетті

Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысында жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның екінші ракеткасы Михаил Кукушкин теннистен Англия ашық біріншілігінің іріктеу кезеңінің финалында венгриялық Жомбор Примошты ұтып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 жастағы венгр оңайшылықпен берілгісі келмей, негізгі сетке өту үшін барын салды. Бірінші партиядағы ойын бір сағаттан астам уақытқа созылды, бірақ Михаил Кукушкин үшін тай-брейк сәтті болды. Есеп – 7:3. Екінші сетте де қазақстандыққа сәттілік жолдас болды. Есеп – 6:2.
Ойынның үшінші бөлігінде венгр спортшысы өз тактикасын ұтымды қолданып, сетті 6:4 есебімен жеңді. Бірақ Михаил Кукушкин төртінші сетте де жеңіске жетті: Есеп – 7: 6.
«Уимблдон-2022» жеребесі 24 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де, негізгі сеттің жарыстары басталар алдында үш күн бұрын өтеді. Биылғы жылы Англия ашық чемпионаты алғаш рет демалыс күндерінсіз 14 күндік турнирге айналды.
24 маусым 2022 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031