Қазақстандық Мария Агапова UFC ұйымында екінші мәрте жеңіліс тапты
Лас-Вегас қаласында өткен UFC 272 турнирінде қазақстандық Мария Агапова (10-3) украиналық Марина Мороздан (11-3) жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Турнирде отандасымыз екінші раундта сабмишинмен жеңіліп қалды.
Айқастың бірінші раундының көп бөлігі украиналық спортшның басымдығымен өтті. Әсіресе Мороз партерде өте белсенлі болды. Бірінші кезеңнің өзінде Марина қылқындыру әдісін жасауға ниетті болған еді. Бірақ Агапова қарсыласқа бұл әдісті жасатпады.
Екінші раундта да украиналық бірден басымдықты өз қолына алды. Ол бірден тейкдаунмен бастады. Сөйтіп партерде қазақстандық спортшыға бірақ соққыларын дарыта білді. Ал раундтың аяқталуына бір минут қалғанда Мороз қылқындыру әдісін сәтті іске асырды. Осы сәтте Агапова берілді.
Осылайша отандасымыз UFC ұйымындағы екінші кездесуінде жеңіліс тапты.