Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайсардың» бас бапкері қызметінен кете ме

«Қайсардың» бас бапкері қызметінен кете ме


Қызылорданың «Қайсар» командасының бас бапкері Стойчо Младеновті қызметінен алып тастау жөнінде ешқандай шешім қабылданған жоқ. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімов мәлім етті.

«Қайсар» алғашқы үш турды сәтсіз өткізді. Алғашқы екі ойын өз алаңында болғанына қарамастан «Ақтөбеден» 0:1 есебімен жеңіліп, «Ақжайықпен» 1:1 есебімен тең түсті. Ал сырт алаңда азулы «Астанаға» 0:2 есебімен жол берді. Үш турда небәрі 1 ұпай алған қызылордалық футболшылар турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр. «Спортта мұндай жағдайлар кездеседі. «Қайсарда» әзірге сәттілік жетіспей жүрген секілді. Команда алдағы уақытта жанкүйерлерді қуантарлық нәтижеге қол жеткізеді деген ойдамын»,- деді басқарма басшысы. Бірқатар ақпарат құралдары С.Младенов «Қайсардың» 7 сәуірде сырт алаңда «Жетісуды» жеңе алмаса қызметінен кетуі мүмкін деген болжам айтқан еді. Үстіміздегі жылы басты құрылтайшы - облыс басшылығы «Қайсардың» алдына үздік бестікте болу міндетін қойған болатын.
Әділет Қаңтарбаев


06 сәуір 2018 ж. 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031