Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Екатерина Айдова: Біздің образымыз бәрінің жүрегін жаулады

Екатерина Айдова: Біздің образымыз бәрінің жүрегін жаулады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада Қазақстан туын алып шыққан конькиші Екатерина Айдова ойынның ашылу салтанатына қатысты ойын ортаға салып, барша қазақстандық спортшыларға төртжылдық додасында сәттілік тіледі, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қадірлі қазақстандықтар! Баршаңызды көптен күткен маңызды оқиға – Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Ашылу салтанатына Мемлекет басшысының келгені де біз үшін қуанышты әрі толқынысты сәт. Қазақстан командасының ту ұстаушылары үшін үлкен абырой. Ашылу салтанатында бастан өткерген сезімдерімді сөзбен жеткізу қиын. Мұнда қобалжу да, мақтаныш та, таңданыс та бар. Олимпиадашы болудың өзі үлкен жеңіс! Ал команданы атлеттер шеруіне бастап шығу үлкен мәртебе! 
Біздің образымыз барлығына ұнады. Костюмімізді бәрінің жоғары бағалағаны қуантады. Ашылу салтанаты да керемет өтті. Бәрімізге белгілі кедергілерге қарамастан, үлкен мерекенің абыроймен өткені қуантады. Дәл қазіргі миллион түрлі сезімдерді бастан кешудемін. Барлық қазақстандықтарға сәттілік, жеңіс тілеймін. Жанкүйерлерге айтар алғысымыз шексіз! Бізге қолдау көрсетіңіздер, - деді спортшы. 
Сондай-ақ ол қазақстандық спортшылардың киім үлгісіне барлығы таң қалғанын айтты.​
https://baq.kz​​​
05 ақпан 2022 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031