Бейжің Олимпиадасы: 3 биатлоншы қатысады
Биатлонннан Қазақстан командасы Бейжің Олимпиадасына 12 жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Төртжылдықтың басты додасында Қазақстанның атынан Галина Вишневская, Александр Мухин және Владислав Киреев сынға түседі.
Төртжылдықтың басты додасында Қазақстанның атынан Галина Вишневская, Александр Мухин және Владислав Киреев сынға түседі.
«Биатлоннан Олимпиада лицензиясы команданың маусымдағы көрсеткіштеріне қарай берілетін. Алайда, пандемияға байланысты Халықаралық биатлоншылар одағы жарыс жоспарын түгелдей өзгертті. Бұрын 1-ден 20-сыншы орынға дейінгі командаларға төрт квота, 20-23 орынға екі квота, 24-інші орыннан әрі қарай Wild Card берілетін. Биыл тек 20-сыншы орынға дейінгі командалардың квотасы сақталып, одан төмен орналасқандар жекелей көрсеткіші бойынша жолдама иеленді. Ал мұндай орындар бар болғаны 12 ғана. Тағы бір айта кетерлігі, Қытай командасы ТОП-20 қатарына енбесе, жарысты қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде Wild Card бойынша 4 квота алды. Нәтижесінде, сегіз бос орынға 35 команда таласады. Ал эстафетада 27 құрама бақ сынайды. Осыған орай, біздің қыздар командасының алдында төрт жолдама алу мақсаты тұрды. Алайда, біздің құраманы Қытай қуып жетіп, біз квотадан айырылып қалдық. Қазақстан атынан Галина Вишневская ғана қатысады», – деді құраманың бас бапкері Мақсат Шаранов.
Бас бапкердің айтуынша, ерлер командасының алдында 2 жолдама алу мақсаты тұрған. Олар бұл жоспарды орындады. Олимпиадаға Александр Мухин мен Владислав Киреев қатысады.
«Өскен өңір» ақпарат