Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Александр Винокуров қызметіне қайта оралды

Александр Винокуров қызметіне қайта оралды

Александр Винокуров «Астана» велокомандасының спорт жетекшісі қызметіне оралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Astana - Premier Tech сайтындағы мәліметке сүйенсек, команда 2022 жылғы маусымда өнер көрсетуін жалғастырады.
«Қазақстандық серіктестер келесі маусымда жобаны акционер және демеуші ретінде жалғастыратындарын растады. Александр Винокуров 2022 жылы команданың спорт жетекшісі ретінде міндеттерін қолына алады және велошабандоздар мен персоналды, сондай-ақ жобаның спорттық қызметін үйлестіру функцияларын өзіне алады», делінген ресми хабарламада.
Велокоманда әлемдік велоспорттағы жоғарғы лиганың 17-маусымына дайындалып жатыр. Сайт мәліметі бойынша, жақын арада келісімшарттар ұзартылып, жаңа шабандоздар келісімге қол қоюы мүмкін.

https://egemen.kz​​​





16 тамыз 2021 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031