Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио Олимпиадасы: Дархан Асаділов жеңіске жетті

Токио Олимпиадасы: Дархан Асаділов жеңіске жетті

Токио Олимпиадасында каратэ спортынан жекпе-жектер басталды. Олимпиада бағдарламасына алғаш енгізілген спорт түрінен тұңғыш жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Бүгін 67 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов сынға түсуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
 
Жарыс ережесі бойынша спортшылар А және В тобына бөлінген. Әр топтағы бес спортшы бір-бірімен өзара кездесулер өткізіп, ең көп ұпай жинаған екі каратэші жартылай финалға жолдама алады. 
Дархан өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевпен кездесіп, тағы да 6:2 есебімен басым түсті. 
Әзірге, Дархан Асаділов өз тобында 4 ұпай жинап, көш басында келеді. 
Айта кетелік, каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды.

https://stan.kz
05 тамыз 2021 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930