Юлия Путинцева Сербиядағы ашық чемпионатты жеңіспен бастады

Велошабандоз Александр Власов дес берер емес «Джиро д’Италия» веложарысының оныншы кезеңі аяқталды. «Астана» командасының велошабандозы Александр Власов мәреге 13-ші болып жетті. Десе де, жалпы есепте ол 3-орынды сақтап қала алды. Ал бұл жарысты бірінші болып колумбиялық шабандоз Эган Берналь, екінші орында белгиялық спортшы Ремко Эвенполь келеді.
Роберто Манчинидің келісімшарты 5 жылға ұзартылды Футболдан Италия құрамасының бас бапкері Роберто Манчинидің келісімшарты 5 жылға ұзартылды. Оның бір жылдық жалақысы 3 миллион еуро болмақ. Бапкер 2018 жылдан бастап Ұлттық команданы жаттықтырады. Ол бұған дейін Санкт-Петербургтің «Зенитін», Миланның «Интерін», түріктің «Галатасарайын», ағылшындық «Манчестер Сити» мен басқа клубтардың ойыншыларын жаттықтырған. Италия құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында испандықтармен ойнайтынын айтып кетейін. Ал алдағы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінде италиялықтар Швейцария, Солтүстік Ирландия, Болгария және Литвамен кездеседі.
https://24.kz