Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада бокс орталығы ашылды

Елордада бокс орталығы ашылды

Елорданың қақ төрінен жаңа жаттығу залы ашылды. Құзырлы министрлік пен бокс федерациясы осы арқылы қаладағы инфрақұрылым тапшылығын жоймақ. Аумағы шамамен 300 шаршы метрді алып жатқан зал Нұр-Сұлтан олимпиадалық даярлау орталығының қарамағына берілді. Яғни, еліміздегі ең білікті бапкерлер осы жерде балалар мен жасөспірімдерді дайындайды. Айта кетейік, өткен аптада ғана елордада тағы бір бокс орталығының тұсауы кесілген болатын. Марат Мықтыбеков, ҚР Бокс федерациясы президентінің кеңесшісі: - Нұр-Сұлтан қаласынан ұсыныс түскен болатын. Спорттық зал жетіспей жатыр дегеннен кейін сұрақты шұғыл қарастырып, бір айдың ішінде шештік. Үлкен бокс кешені бар. Бірақ ол жерде жаттығу жиындары болып тұрады. Сол кезде қабаттасып қалмасын деп жаңа зал ашып бердік.

24.kz
31 наурыз 2021 ж. 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031