Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодарда шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты басталды

Павлодарда шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты басталды

Ертіс өңірінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шаңғы жарысы бойынша ел чемпионаты басталды. 15 жыл қатарынан ұйымдастырылған байрақты бәсекеде 300-ге жуық спортшы бақтарын сынауда. 10 облыстың ұл-қыздары бірнеше күн бойы Қазақстанның юниорлар құрамасының мүшесі атануға барын салмақ. Спортшылар облыс орталығындағы шаңғы базасында үш және бес шақырымдық қашықтықты еңсеру керек. Айта кетейік, Павлодар облысы елімізге мықты шаңғышыларымен танымал. Ақпанның соңында Германияда өтетін әлем чемпионатында павлодарлық Анна Шевченко, Ирина Быкова және Дария Решко ұлттық құрама мүшелері ретінде өнер көрсетпек. Дода барысында санитарлық ережелер қатаң сақталуда. Евгений Кисляков, жарыстың бас төрешісі: - Жарыс қорытындысы бойынша жасөпірімдер арасында командалар жасақталады. Бүгінгі байрақты бәсекеде жеңіске жететін балалар ертең ел намысын халықаралық додаларда қорғайды. Олар еліміздің жастар мен жасөспірімдер құрамаларында бақтарын сынайды. Ілияс Исабек, шаңғы жарысынан спорт шебері: - Осы жарыс мен үшін маңызды деп ойлаймын. Өйткені соңғы жыл жасөспірімдік чемпионаттағы жарыс өтіп жатыр. Келесі жылы юниор боламын. Осы жарыстарда өте қатты жүгіріп, келесі жылға тағы нәтижеге жету керек.

24 ақпан 2021 ж. 438 0