Спортшыларды қолдап, сеулге барды
Өткен айдың соңында «РУ-6» ЖШС, «Қарамұрын» цехының ауысым бастығы, өнімді ерітінділер өңдеу учаскесінің шебері Самұрат Әбілқасымов «Самұрық-Қазына» Қоры ұйымдастырған қолдаушыларымен бірге XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының қолдаушы ретінде қатысып, Пхенчхан қаласында болып келді.
Ол, бүкіл «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-нің, нақтырақ айтқанда 37 компания арасынан бір өзі қолдаушы ретінде қатысып келді. Самұрат қолдаушы тобымен бірге спорттық шаңғы жарысы, коньки спорты, трамплиннен секіру, биатлон және Олимпиаданың жабылу салтанатына қатысып, спортшыларға қолдау көрсетті.
«Шаңғы мен шот трек жарыстың ең қызықтысы болды», – дейді Самұрат. «Еліміздің спортшылары А.Полтаранин, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов және Абзал Әжіғалиев деген спортшылар жартылай финалына шығып жеңіске жақындай түскен. Алайда, қарсыластар мықты болып, нәтижесінде жалпы есепте алтыншы орынды иеленіп, осы спорт түрлері бойынша жүлделі орындар бізге бұйырмады.
Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласы, Пхенчхан олимпиадалық саябағы мен үшін ұмытылмас көрініс болды. Жалпы, дамыған инфрақұрылым, IT-технологиялар, «жасыл» экономика, осының бәрі жақсы әсер қалдырды», – дейді ол.
С.МҮЛІКОВ.