Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Порье МакГрегорді жеңгеннен кейін өзін Хабибтің орнына UFC чемпионы деп жариялады

Порье МакГрегорді жеңгеннен кейін өзін Хабибтің орнына UFC чемпионы деп жариялады

Фото: UFC© Америкалық файтер Дастин Порье екі салмақ дәрежесі бойынша лига чемпионы Конор МакГрегорді жеңгеннен кейін пікір білдірді.

Айта кетейік, UFC 257 турнирінің басты жекпе-жегі Әбі-Дабиде өтті. Дастин Порье Конор МакГрегорді екінші раундта жеңді. Америкалық файтер өзін жеңіл салмақта чемпион деп есептейтінін атап өтті. Бұл салмақта ресми түрде титул Хабиб Нурмагомедовке тиесілі.

"Мен бақыттымын, бірақ мүлдем таңғалып тұрған жоқпын. Көп жұмыс істедім. Алдымен Конорға алғыс айтқым келеді. Құрметімді білдіремін. Ол нәтижені нағыз профессионал ретінде қабылдады. Енді есеп 1-1 және мұны тағы қайталай аламыз. (...) Керемет жекпе-жек, керемет жеңіс. Бірақ біз бұдан да маңызды дүниелер үшін төбелесеміз. Үйге келген соң өзімнің қайырымдылық қорыммен айналысамын. Командамды, әйелімді, қаламды жақсы көремін. Техникалық тұрғыдан мықты болып, жақсы соққы беру деген тапсырма болатын. Бұған титул жекпе-жегі деп қараймын. Егер Хабиб оралмаса, біз дивизиондағы ең мықтылармыз. Сондықтан бұл титул үшін жекпе-жек болды. Мен - чемпионмын", - деді ол жекпе-жектен кейін.

25 қаңтар 2021 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930