Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел құрамасы тректегі велоспорттан Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

Ел құрамасы тректегі велоспорттан Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

BAQ.KZ. Халықаралық велоспорт федерациясы тректегі велоспорттан Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдамаларды үлестірді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұпай жинау кезеңінің нәтижесі бойынша бойынша (Әлем кубогының 9 кезеңі, екі әлем чемпионаты және әлемдік жарыстар) тректегі велопсорттан Қазақстан құрамасы төртжылдықтың басты додасына үш жолдама жеңіп алды. Токио Олимпиадасына ел құрамасынан үш санат (спринт, омниум и кейрин) бойынша екі спортшы қатысатын болады. Қатысатын спортшылар тізімін Қазақстан велоспорт федерациясы кейінірек ұсынады. Айта кетерлігі, спринт бойынша Қазақстан тарихи жолдамаға қол жеткізіп отыр.

Себебі осы уақытқа дейін қазақстандық спортшылар аталған санат бойынша Олимпиада ойындарына қатыспаған. Қазақстан құрамасына тиесілі жолдаманы алу жолында Артем Захаров пен Сергей Пономаревтің көп еңбегі сіңді. Аталған спортшылар Берлинде өткен әлем чемпионатында үздік ондыққа ілінген болатын. Тректегі велоспорт бойынша бәсекелер Токионың "Izu" велодромында 3 тамыз бен 9 тамыз аралығына жоспарланған. Іріктеу кезеңі аясында барлығы 189 жолдама үлестірілді. Қазіргі таңда Қазақстан командасында Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 41 лицензия бар, - делінген хабарламада.
10 наурыз 2020 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031