Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Qazaq style наурызда шаршы алаңға оралады

Qazaq style наурызда шаршы алаңға оралады

BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы наурыз айында шаршы алаңға оралады. Бұл туралы спортшының менеджері Эгис Климас instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Кәсіпқой бокста Qazaq style деген атпен танылып жүрген отандасымыз 2020 жылды жоғары деңгейде өткізуді жоспарлауда. Орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global белбеулеріне ие Жәнібек биыл чемпиондармен жұдырықтасқысы келетіндігін айтқан болатын.

Жәнібек Әлімханұлы ең кейінгі жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізген. Фреснода (АҚШ, Калифорния штаты) канадалық боксшы Альберт Онолуноспен жұдырықтасып, қарсыласын 6 раундта нокаутпен жеңген еді.

Өткен жылы барлығы 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 3-де қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шықты. Жәнібек әуесқой бокста Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы.
17 қаңтар 2020 ж. 739 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930