Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәнібек Әлімханұлы мен МакЛиллан жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Жәнібек Әлімханұлы мен МакЛиллан жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы 18 тамызда канадалық Стюарт МакЛилланмен жұдырықтасады. Айқасты Qazsport арнасы 18 тамызда таңертең сағат 06:20-дан бастап тікелей эфирде көрсетеді. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыластарынан басым түсті. 32 жастағы канадалық МакЛиллан шаршы алаңдағы 33 кездесуінің 27-інде жеңіске жеткен. Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінің басты бәсекесінде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эмануэль Навaррете /27-1, 23 КО/ мен америкалық Франсиско де Вака /20-0, 6 КО/ қолғап түйістіреді. Айта кетерлігі, биыл сәуірде Жәнібек Әлімханұлы қос бірдей белбеуді - WBC Continental Americas және WBO Global иеленген. Еске слаа кетсек, бұған дейін канадалық боксшы Стюард Макклел (27-3-3) Instagram желісінде Жәнібекті жанкүйерлеріне таныстырып, қазақстандық қарсыласын әжуа еткен болатын. Стюард өз парақшасында жариялаған фотода Жәнібек Әлімханұлын «Борат» кейпінде көрсеткен. Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне жекпе-жекті тамашалауды әрі «...канадалықты бірге жазалауды» ұсынған еді.

17 тамыз 2019 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031