Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық командалар еурокубоктағы жолдарын қашан бастайды

Қазақстандық командалар еурокубоктағы жолдарын қашан бастайды

УЕФА 2020 жылға арналған еурокубок күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан атынан Чемпиондар лигасына «Астана», Еуропа лигасына «Қайсар», «Қайрат» және «Ордабасы» қатысады.

Ел чемпиондары «Астана» Чемпиондар лигасын алғашқы кезеңнен бастайды. «Қайрат» пен «Ордабасы» Еуропа лигасының бірінші кезеңінен бастап еурододағы жолдарын бастаса, «Қайсар» кубок жеңімпазы ретінде екінші кезеңнен бастап өнер көрсететін болады.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 2020/21 маусымына іріктеу кезеңдерінің күнтізбесі:

16 маусым: Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі және Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребесі (Чемпиондар жолы), Ньон

17 маусым: Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне және Еуропа лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңдеріне жеребе тастау (негізгі жол), Ньон

7/8 шілде: Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі, алғашқы матчтар

9 шілде: Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңі, алғашқы матчтар

14/15 шілде: Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі, қарымта матчтар

16 шілде: Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңі, қарымта матчтар

20 шілде: Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңдерінің жеребесі, Ньон

20/21 шілде: Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі, алғашқы матчтар

22 шілде: Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі, алғашқы матчтар

27/28 шілде: Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі, қарымта матчтар

29 шілде: Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі, қарымта матчтар

3 тамыз: Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне матчтар, Ньон

4/5 тамыз: Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі, алғашқы матчтар

6 тамыз: Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі, алғашқы матчтар

11 тамыз: Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі, қарымта матчтар

13 тамыз: Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі, қарымта матчтар

18/19 тамыз: Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі, алғашқы матчтар

20 тамыз: Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі, алғашқы матчтар

25/26 тамыз: Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі, қарымта матчтар

27 тамыз: Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребесі, Монако

27 тамыз: Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі, қарымта матчтар

28 тамыз: Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жеребе тастау, Монако.
01 қаңтар 2020 ж. 471 0