Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тегін келгені қуантады». Ресей басылымы Қуат жайлы не жазды?

«Тегін келгені қуантады». Ресей басылымы Қуат жайлы не жазды?

Ресейлік Football Fun сайты қысқы трансфер терезесінің алғашқы күндерінде өткізілген ТОП-5 трансферлерді ұсынды. Жақында ғана «Оренбург» қатарына қосылған қазақстандық футболшы Исламбек Қуатта бұл тізімнен орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Исламбек Қуат - Қазақстан футболының көрнекті тұлғасы. 26 жастағы жартылай қорғаушы «Қайратқа» еңбегін сіңірді, 3 ұлттық кубок пен 1 Суперкубокты жеңуде маңызды рөл атқарды. Бірақ мойындау керек - қанша жерден сыйлықтары көп болса да, «Оренбург» сапына ауысу Қуат үшін жаңа қадам. Сөз жоқ, жартылай қорғаушы - мықты (Еуро-2020 іріктеу кезінде көрдік - Ресей мен Қазақстан бір топта ойнағанын еске саламыз), бірақ РПЛ ҚПЛ-ға қарағанда бәсекеге қабілетті болып көрінеді.
«Оренбург» бұл трансферден пайда көрмесе, зиян шеге қоймас. Өйткені Қуат Константин Емельянов командасына тегін қосылды. Бұл қуантады. Сонымен қатар, тіреугі жартылай қорғаушыны беделді Transfermarkt порталы 2 миллион еуроға бағалап отыр. Ықтимал пайда ешқашан артық болмайды», - деп жазды БАҚ.
01 қаңтар 2020 ж. 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031