Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүкілресейлік грек-рим турнирінде ақмолалықтар топ жарды

Бүкілресейлік грек-рим турнирінде ақмолалықтар топ жарды

BAQ.KZ. Ақмола облысының спортшысы грек-рим күресінен Бүкілресейлік турнирде үздік атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Тарасовты еске алуға арналған грек-рим күресінен 37-ші бүкілресейлік турнир Нижний Тагилде өтті. Алтын алқа үшін Ресей, Қазақстан және Қырғызстаннан 100-ден астам спортшы күресті. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дастан Зарлыханов жеңімпаз атанса, оның інісі Дамир 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленді - делінген хабарламада.

Ағайынды палуандарды Егор Мукштадт жаттықтырады.
02 қаңтар 2020 ж. 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031