Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин жекпе-жектерден шеттетілді

Головкин жекпе-жектерден шеттетілді

Геннадий Головкин жекпе-жектерден уақытша шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. 5 қазан күні Нью-Йоркте қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанғанды. BoxRec.com басылымының хабарлауынша, осы жекпе-жектен кейін Нью-Йорк штатының Атлетика комиссиясы Головкиннің рингке шығуына тыйым салды. Тыйымның мерзімі белгіленбеген. Бұл «шеттетудің» себебі – спортшы атаулының қайта бабына келуі үшін жасалатын медициналық тұжырым. Еске сала кетейік, екі боксшы да жекпе-жектен соң ауруханаға жеткізілген. Эдди Хирннің айтуынша, Головкин қолынан жарақат алған көрінеді. Головкиннің артынан Деревянченко да жекпе-жектерден шеттетілді. Сондай-ақ, BoxRec.com басылымының хабарлауынша, украиналық боксшы емделіп, қайта бабына келуі үшін рингке шығуына тыйым салынды.
Тыйымның мерзімі белгіленбеген.
08 қазан 2019 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930