Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Данияр Елеусінов Нью-Йоркте қарсыласымен көз түйістірді

Данияр Елеусінов Нью-Йоркте қарсыласымен көз түйістірді

BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) қарсыласы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) көз арбасты, деп хабарлады Vesti.kz.

28 жастағы Олимпиада чемпионы мен 34 жастағы жеңілмеген америкалықтың кездесуі Нью-Йорктегі баспасөз мәслихаты аясында өтті.

Боксшылар 14 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңда Madison Square Garden аренасының Hulu Theather шағын залында жұдырықтасады. Жартылай орта салмақтағы кездесу 10 раундқа есептелген.

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаев кездесіп, жеңіл салмақта WBC "уақытша" чемпионы титулын сарапқа салады. АҚШ-та шоуды DAZN стриминг сервисі тікелей эфирде көрсетеді.

12 қыркүйек 2019 ж. 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031