Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтеді

БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтеді

ҚР Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді.

«Құрметті журналистер, БАҚ өкілдері! 2019 жылдың 30 тамызында Нұр-Сұлтан қаласындағы »Астана Арена« стадионында ҚР Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. Оның айтуынша, турнирдің мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту. Жарысты ҚР Президентінің баспасөз қызметі ұйымдастырады. Турнирге еліміздің БАҚ өкілдерінен құралған шығармашылық топ командалары қатыса алады. Қатысатын барлық команда саны 32. Өтініш қабылдау мерзімі 27 тамызға дейін. Жеңімпаз және жүлдегер командалар, сондай ақ, арнайы номинациялар бойынша үздік атанған ойыншылар үшін қаржылай сыйлық бар.


























https://www.kazinform.kz
18 тамыз 2019 ж. 685 0