Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәбит Жүсіпов UFC алаңына шығуы мүмкін

Сәбит Жүсіпов UFC алаңына шығуы мүмкін

СÓÐ±Ð¸Ñ ÐÒ¯ÑÑпов UFC алаңÑна ÑÑÒÑÑ Ð¼Ò¯Ð¼ÐºÑн
Дмитрий Баландин қос қашықтық бойынша әлем чемпионатының финалына шықты.

Дүниежүзілік дода дәл қазір Корея елінде өтіп жатыр. Жерлесіміз 200 және 100 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Енді бірер күнде шешуші сындарға қатысады. Айта кетейік, дәл осы чемпионатта Токио олимпиадасының жолдамалары да сарапқа салынады.

«Тур де Франс» көпкүндігі Қазақстандық клуб мүшесі мәре сызығын үшінші болып кесті. Францияның таулы-қыратты аймақтарында әлем үздіктерінің аламаны жалғасып жатыр. «Тур де  Франстың» кезекті жарыс күні қатысушылар 208 шақырымды жүріп өткен еді. Араларынан «Астана» сапындағы Алексей Луценко тәуір нәтиже көрсетіп, алдыңғы үштікті түйіндеді. Соның арқасында жалпы есепте 26-орыннан 22-сатыға көтерілді. Кезең жеңімпазы колумбиялық Наиро Кинтана атанды. Ол жерлесімізден 2 минут 28 секунд бұрын жетті.

Айта кетейік, «Тур де Франстың» аяқталуына енді 3 кезең ғана қалды және осы аралықта қазақстандық клуб мүшелері жалпы есепте топ жара алмасы анық. «Бірақ кезең жеңімпазы атануға мүмкіндік бар және оны толық пайдалануға тырысамыз», – дейді клуб басшылығы.

Жерлесіміз UFC алаңына шыға ала ма?

Сәбит Жүсіпов жақын болашақта UFC төрінен табылуы мүмкін. Бұл жөнінде оның бапкері бізге берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді. Диас Ғаниұлының айтуынша, қазақстандық спортшы физикалық және психологиялық тұрғыда әбден пісіп, аралас жекпе-жек аламанының алаңына шығуға дайын тұр. Осы мақсатта қазір қызу келіссөздер жүріп жатыр.

Айта кетейік, Сәбит осыған дейін 10-ға жуық кәсіпқой жекпе-жек өткізіп, өз мықтылығын дәлелдеп үлгерді. Енді келіссөздер сәтті аяқталса, алдағы жарты жыл көлемінде жерлесімізді төрткүл дүние көз тіккен алаңнан көреміз және ол UFC-ға қадам басқан алғашқы қазақстандық спортшы болмақ.

Диас Ғаниұлы, жаттықтырушы:

– Сәбит – панкратион, самбо, у-шу санда және қойын-қолтық ұрыс бойынша бірнеше дүркін ел чемпионы. Халықаралық  аламандардан да жүлде алып жүр. Аралас жекпе-жек алаңына да шыққан. Бағынбай тұрғаны осы UFC ғана. Қазір жан-жақты еңбектеніп жатырмыз және алдағы айларда жағымды жаңалық болып қалады деген үміттеміз.


24.kz
26 шілде 2019 ж. 463 0