Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Баландин брасс әдісімен жүзуден Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Баландин брасс әдісімен жүзуден Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу кезеңі аяқталып, Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.  

Баландин аталған қашықтықты 2:09.27 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, жалпы есепте 11-орынға табан тіреді. 
Ал өз тобында Олимпиада чемпионы бесінші нәтиже көрсетті.  
Әзірге бірінші орында австралиялық Мэттью Уилсон (2:07.29) тұр. Екінші орында ресейлік Антон Чупков (2:08.22). Үздік үштікті германиялық Марко Кох (2:08.70) қорытындылаған. 
Айта кетейік, Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы атанды. Жартылай финал бүгін кешкі уақытқа жоспарланған. 
25 шілде 2019 ж. 1 013 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930