«Жаңарған Түркістанда» жеңімпаз атандық
Елбасы Н.Назарбаевтың бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы орталығын тарихи маңызы бар, көне шаһар Түркістан қаласына көшіріп, аймақ атауын Түркістан деп өзгертуі ұлттық болмысымызды айшықтап, рухани жаңғырудың нақты қадамдарының бірі әрі бірегейі болды. Иә, Тұңғыш президент жарлығы Ұлы Дала Елінің жарты метр жері үшін жанын құрбан еткен хан-сұлтан, батырлар мен қарақылды қақ жарып, әділдік үшін айқасқан би-шешендер, ұлттық салт-дәстүр, діл мен тіл, дініміздің болашақ ұрпаққа таза, тұнық күйінде жетуі үшін аянбай тер төккен ғұлама-ғалымдары мәңгілік мекен тапқан рухани астана Түркістан қаласын аз уақыттың ішінде қайта түлетіп, тынысын аша түскендей. Оны біз аталған аймаққа 4,5 сәуірде жасаған сапарымыздан біліп, көзімізбен көрдік. Көрші облысқа ат басын бұрудағы басты себеп, Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңарған Түркістан» атты республикалық БАҚ арасындағы кіші футболдан өткен сынға «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты «Жаңақорған тынысы», «Өскен өңір» газеттерінің қызметкерлерінен құрылған команданы бастап бару еді.
Турнирдің алғашқы күнін тиімді пайдаланған ұйымдастырушылар Қазақстанның түкпір-түпкірінен жарысқа келген жорналшыларды алдымен көне шаһардағы бірқатар тарихи мекендермен таныстырды. Одан кейін, облыс орталығында жаңадан бой көтеріп жатқан мекеме, тұрғын-үй құрылыстарын көрсетіп, аймақтың әлеуметтік-әкономикасына серпін беретін өндіріс орындарын аралатты. Ал, келесі күні «Астана» спорт кешеніне Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, СҚО және Түркістан облысынан бас-аяғы 13 команда жиналып, жасыл алаңда кескілескен әдемі ойын өрнегін көрсетті. Турнирді Түркістан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, республикалық «Қазақ газеттері» ЖШС директоры Шәмшидин Пәттеев, белгілі спорт коментаторы Жандос Айтбай, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан сынды қаламгерлер дүбірлі дода алдында әріптестеріне ақжарма лебіздерін білдіріп, алаш жорналшыларының жасыл алаңда бас қосуына мұрындық болған ұйымдастырушыларға ыстық ықыласын жеткізді.
Аймақта арғы шеті Арал, Қармақшы бергі беті Шиелі, Жаңақорған аудандарында Сыр журналистері арасында бір жылдың өзінде бірнеше облыстық турнирлер өтіп, алаңда басымыз қосылып жүр. Сондай турнирлерде Шиелі аудандық «Өскен Өңір» газетінің тілші, қызметкерлері талай бағымыз жанып, бірінші болдық. Бірақ, мұқым қазақия қаламгерлері қатысқан республикалық БАҚ арасында өткен ала доп додасында бағың жанып чемпион атанудың әсері мүлде басқаша екен!
«Сыр медиа» ұжымынан құралған командамыз топтық кездесуде сонау Батыс Қазақстан облысынан келген «Жайық пресс» пен жамбылдық «Тараз пресс» командаларымен жолықты. Әуелгі ойында Жайық журналистерімен кездесіп, турнирдің алғашқы голын қарсылас қақпасына тоғытып, басым түстік. Бірақ, қуанышымыз көпке созылмады, Қызылорда қаласының 200 жылдық турнирінің чемпиондары әккі қарсылас, «Тараз пресс» командасына есе жібердік. Есеп 3-1. Топтық ойынның нәтижесінде жамбылдықтар бірінші, біз екінші орынмен ширек финалға жолдама алдық. 1/8 ойын өте ауыр болды. Өйткені, тағдыр айдап қызылордалық «Ақмешітке» жолығып, қос команда жартылай финалға жолдама алу үшін, жасыл алаңда қарсы ойнадық. Бұған дейін де облыстық жарыстарда бірнеше рет жолыққан командалар арасындағы ойында біздің жолымыз болып, жартылай финалға өттік. Ендігі кездесу белгілі журналист, ақын Жанарбек Ашимжан бастап келген Алматы командасымен болмақ. Алматылық жігіттермен өткен ойын турнирдегі ең үздік кездесу болды десем артық айтқандық болмас. Жанарбектің өзі айтпақшы, алаңда кескілескен нағыз «сұрапыл» ойын болды. Командалар белгіленген уақытта тең түсіп, пенальти сериясы бойынша сынға түсіп, біздің жігіттер қарсылас қақпасына шешуші голды салып, финалға шықты. Сонымен, финалды топтық кездесуде есе жіберген ежелгі қарсыласымыз «Тараз пресс» командасымен қайта жолықтық. Ойын басталмай жатып тараздықтар алғашқы голын соғып алды. Кейін есепті теңестіргендей болған едік, араға көп уақыт салмай қарсыластар бір доп айырмасымен қайтадан алдыға шықты. Есеп 2-1. Ойын үстінде қарсылас команда ереже бұзып, қапталдағы төреші айып добын белгіледі. Ал, біз бұл мүмкіндікті құр жібермедік. Осылайша қос тайым бойынша тең ойын орын алып, пенальти тебуде тағыда жолымыз болып, «Жаңарған Түркістан» турнирінің чемпионы атандық. Қуанышта шек жоқ. Сыр елінің сенімін арқалап келгендегі үмітіміз ақталды. Алла абырой берді.
Жалпы, турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өте тартысты өтті. Өзіміз түркістандықтардың қонақжайлығы мен ілтипатына тәнті болдық. Кішіпейіл, мейман дос екендіктерін көзімізбен көрдік. Осы тұста нықтап тұрып айтқымыз келгені, болашақ туристердің мекеніне айналып, туризімнің тұтқасы болуды көздеген Түркістан халқының бойынан осындай қасиеттердің көрініс алуы бізді шын қуантып тастады.
Елдос Жүсіп,
Шиелі-Түркістан-Шиелі.