Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада алғаш рет парадзюдодан халықаралық турнир өтті

Қызылордада алғаш рет парадзюдодан халықаралық турнир өтті

ÒÑзÑлоÑдада алÒÐ°Ñ ÑÐµÑ Ð¿Ð°ÑадзÑдодан ÑалÑÒаÑалÑÒ ÑÑÑÐ½Ð¸Ñ Ó©ÑÑÑ
Қызылордада парадзюдодан халықаралық турнир өтті. Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеге Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірлігі, Грузия, Ресей, Румыния және отандық балуандар қатысты. «Мұз айдыны» спорт кешенінде жайылған татамиге көтерілген ерлер 8, ал әйелдер 1 салмақ дәрежесі бойынша күресті. Жарыста румындық Болога, грузин спортшылары Гамзашвили, Гоготцур, Чикоидзе топ жарды. Ал қазақстандықтар қатарынан Ерғали Шәмей, Теміржан Дәулет және Ғалымжан Смағұл турнир жеңімпазы атанды. Бұрымдылардың финалдық белдесуінде Зарина Байбатина отандасы Айдана Кенжебайды ұтып, алтыннан алқа тағынды. Мамандар мүмкіндігі шектеулі жандардың жеңіске, жалпы өмірге деген құлшыныс-жігерін атап өтті. Ұлттық құрама сапында Қызылорда облысы атынан 5 спортшы өнер көрсетті.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/307142-yzylordada-al-ash-ret-paradzyudodan-khaly-araly-turnir-tti
06 сәуір 2019 ж. 677 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031