Құрметті консулдық ашылды

Сонымен қатар Сингапур Республикасының Қазақстандағы елшісі Зулкифли Бахарудин Астана мен Алматыда ашылған консулдық достық пен әріптестікке негізделген қарым-қатынасты нығайта түседі деп сенім білдірді.
– Сингапур мен Қазақстан 30 жылдан аса уақыт өзара тиімді іскерлік байланыс жүргізіп келеді. Біз туризм, бизнес, логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс және мәдениет саласында біріккен жобаларды бірігіп іске асыруға мүдделіміз. Қазір Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесіміз. Табиғи ресурстарға бай және Орталық Азияға жол ашар ел ретінде Қазақстан Сингапурға мол мүмкіндік ұсынып отыр, – деді Елші консулдықтың салтанатты ашылу рәсімінде. Екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің келісімімен еліміздің екі қаласындағы Сингапурдың құрметті консулы қызметіне Талғат Чиникеев тағайындалды. Ол халықаралық бизнес пен ынтымақтастық саласындағы мол тәжірибесімен ерекшеленеді.
– Ең алдымен екі ел арасындағы берік достық пен өсіп келе жатқан серіктестікті назарға ала отырып, Сингапурдың атынан өкілдік етуді, оның еліміздегі экономикалық және мәдени мүдделерін ілгерілетуді мақтан тұтамын. «Алға Сингапур» және «Әділ Қазақстан» тұжырымдамасының қоғамды берік және ынтымақта ұстау, сондай-ақ дамудың жетістіктерімен бөлісу сияқты стратегиялық нұсқаулар мен жалпыұлттық құндылықтар ретінде көптеген ұқсастықтары бар. Қазір «Қазақстан темір жолымен» Сингапурдың ірі компаниясы бірігіп, ауқымды жобаны жүзеге асырып жатыр. Алматы облысында «Алатау сити» деген қала салынбақшы. Алматыдан Қонаев қаласына дейін 900 шаршы метр аумақта бой көтеретін үлкен қаланың бас жоспарын Сингапурдың компаниясы жасап берді, – деді Сингапурдың Қазақстандағы құрметті консулы Талғат Чиникеев.
Сурет: El.kz/Миражан Махан