Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік Шолпанқұлов Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Берік Шолпанқұлов Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Берік Шолпанқұлов. Фото: primeminister.kzБерік Шолпанқұлов Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 
2019 жылдың наурызынан бері Шолпанқұлов қаржы министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "экономист-есепші" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылықтың Касса қаражаты және мемлекеттік борыш басқармасы қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы болып бастаған. Әр жылдары ол Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. 2008-2014 жылдар аралығында қаржы вице-министрі болып жұмыс істеген. 2014-2016 жылдары қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.
2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың наурызына дейін қаржы вице-министрі болған.


tengrinews.kz
05 сәуір 2021 ж. 910 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31