Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАШ ТҮСУІНЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР

ШАШ ТҮСУІНЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР



Шаштың әдемі көрінуін қыздар қауымыны ең басты назарда ұстайды. Қанша күтім жасағанымызбен, шаш жиі түседі. Шаштың түсуі сыртқы факторлардан және адам ағзасының ішкі мүшелері әлсіздігінен де тууы мүмкін. Адам шашы күніне 50-100 тал түсуі қалыпты жағдай саналғанымен, одан көп түссе алдын алуға тура келеді. Шаш түсуін тоқтататын халықтық емінің бірнеше тәсілімен танысыңыз. 
Жалпы жиі түсетін шашты емдемес бұрын алдымен түбін қатайтатын шаралар жүргізу керек. Ол үшін 1-2 ай бойы аптасына бір рет шаш түбін спиртпен немесе майсана майымен (касторовое масло) сүртіп отырады. 1-2 ай өткен соң шаш түбі қатая бастайды. Ал өте жақсы нәтижеге жету үшін мынадай түрлі емдерді жасауға болады. 

Бір пияздың сөліне сол мөлшерде майсана майын (касторовое масло), 1 жұмыртқаның сарысын қосып шаштың түбіне жағады. 45 минуттан соң шашты жуып, тарақпен тарайды. 

Пиязды майдалап турап, үстіне 100 мл. спирт құяды да бір тәулікке қояды. Дайын тұнбамен шаштың түбін сүртіп, полиэтилен пакеттің сыртынан сүлгімен басты орайды. 20-30 минуттан соң шашты салқындау сумен жуады. 

Жылы не қайнаған суға бал салады (1 литр суға 2 ас қасық бал). Бастысы бал ерісе болғаны. Осы сумен шаштың түбіне массаж жасап жуады. Мұны аптасына 2 рет қайталайды. Бұл шаштың түбін қатайтады және тез өсуіне көмектеседі. 

Сарымсақ, қайың, алоэ шырындары, жұмыртқаның сарысы және бал – осылардың әрқайсысынан 1 шай қасықтан алып жақсылап араластырады. Қоспаны бас терісіне жағып, 1-2 сағаттан соң жуып тастайды. Сонымен қатар, қайың жапырағының тұнбасымен шайса тіптен жақсы. 

Жарты стақан айран, 1 жұмыртқа, шай қасық какаоны араластырып, бас терісіне жағады. Қоспа аздап кепкен соң қайта жағады. Дайындаған қоспа таусылғанша осылай жалғастырады. 20-25 минуттан соң балаларға арналған сусабынмен шашты жуып тастайды. 

1 ас қасық қалақай (крапива) жапырағына 200 мл. қайнаған су құйып, бір-бір жарым сағат тұндырады да сүзіп алады. Шашты жуған соң, аздап кептіріп, осы тұнбамен бас терісін сүртеді. Емді аптасына 1-2 рет жасайды. 

Құрғақ өгейшөптің жапырағы немесе гүлінен 1 ас қасығын алып, 1 стақан қайнаған су құяды. 30 минуттан соң тұнбамен шаш түбін сүртеді. Алайда мұны шашты жуардан 40-60 минут бұрын жасаған дұрыс.
reactor.inform.kz
24 қаңтар 2019 ж. 1 467 0