Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМДЕ БОЛҒАН АПАТТАР

ӘЛЕМДЕ БОЛҒАН АПАТТАР

Жыл сайын әлемде түрлі табиғи құбылыстардың салдарынан алпауыт апаттар орын алып, қолайсыз жағдайлар туындайтыны жасырын емес. Соңы қайғылы оқиғаларға әкелетіндері де қаншама. Табиғат заңдылығының осындай қиылыстарының нәтижесінде орын алған су тасқыны, жер сілкінісі мен жанартаудың атқылауы, ауа райының сан түрлі құбылуы сынды факторлар әбігерге түскен адамзат жадында әлі күнге дейін сақталып тұр. Әсіресе, тарихта жер бетін топан су басып, халыққа бейнет әкелген оқиғалар аз болмаған. Бұл тілсіз жаудың бірі – су екенінің тағы бір дәлелі болса керек. Ендеше, тарих беттерін ақтарып, әлемде болған су тасқыны апаттарына шолу жасап көрелік.

Қытайдағы су тасқыны, 1931 жыл.
Янзцы мен Хуанхэ өзендерінің көтерілуі себебінен бірнеше қаланы су алып кеткен. Апат салдарынан 4 миллионға жуық адам қайтыс болған. 1928-1930 жылдары Қытайда қатты қуаңшылық орын алды, бірақ 1930 жылдың қысында қар қалың түсіп, көктемде жауын-шашын күрт көбейген. Содан қос өзендегі су деңгейі тізеге дейін көтеріліп, Қытайдың бұрынғы астанасы Нанкин қаласына дейін жетті. Олар жолдағының бәрін қиратып, мемлекеттің 16 провинциясын, яғни 300 000 га жерін шайып кетті. Су 4 айға жуық тартылмай, бірқалыпта тұрды.

Үндістандағы жойқын цунами, 2004 жыл.
Магнитудасы 9 балл болатын су асты жер сілкінісі салдарынан 30 шақырым тереңдікте тау жыныстарының жылжуы орын алып, тарихтағы ең ірі цунами пайда болды. Цунами барлығы 18 елдің жағалауына жетіп, 300 000 астам адамның өмірін жалмады, 15 000 адам хабар-ошарсыз кетіп, 1,5 млн-ға жуық адам баспанасыз қалды. Ал қалпына келтіру жұмыстары бес жылға созылды.

Дауыл салдарынан пайда болған су апаты. АҚШ, 2015 жыл.
АҚШ-тың Луизиана штатында соққан «Катрина» дауылының әсерінен су бөгеттері бұзылып, қаланың 80 пайызы су астында қалды. Билік тұрғындарды эвакуациялағанымен, қалада 10 мыңға жуық адам қалып қойып, 1500-ге жуығы су тасқынының құрбаны болды.

Пәкістандағы тасқын, 2010 жыл.
Пәкістанның оңтүстігіндегі Инд өзеніне қарасты бөгет бұзылып, су тасқынына алып келді. Бір күн бұрын билік 300 мыңға жуық адамды эвакуациялап үлгерді. Апат болған күні ондаған мың адам аймақтан өз бетімен қашуға әрекеттенген. 1700 адам қайтыс болды.
Қазіргі таңда бұндай апат түрлерінің жиілеп бара жатқаны жасырын емес. Табиғат апаттарына алып келетін себептердің қатарында адамзаттың қоршаған ортаға деген немқұрайлы көзқарасы, табиғи тепе-теңдікті сақтамау сияқты әрекеттер де бар. Дегенмен, апат айтып келмейді. Табиғатқа қарсы күш жоқ. Сондықтан елге төнген сынақты өткеруде сабыр сақтауға тырысайық.

Әзірлеген
Таслима ӘЛІШЕР
09 сәуір 2024 ж. 3 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031