Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертіс өзеніндегі жарылыс көп қабатты тұрғын үйлерге зақым келтірді

Ертіс өзеніндегі жарылыс көп қабатты тұрғын үйлерге зақым келтірді

Семейде Ертістің мұзын жарамыз деп ТЖД орнатқан үш мың тонналық зат жарылып, көп қабатты тұрғын үйлердің терезелері сынды. Бейресми ақпаратқа сәйкес зардап шеккен адам да бар. Семейді тасқыннан қолдан жасалған жарылыста құтқара алмады. Ертістің суы бүгін тағы екі ауданға жайылды. Ертістің суы жан-жаққа жайылып кетпес үшін жүргізіліп жатқан мұз жару жұмыстары сол маңдағы тұрғындардың зәресін алды. Толқынның қатты болғаны соншалық тіпті сол маңдағы үш бірдей тоғыз қабатты үйдің терезелері бірінен соң бірі сынған. Қазірдің өзінде мұз жару кезінде бір адамның зардап алды деген бейресми ақпарат та бар. Арнасынан асып жатқан өзендегі мұз жару жұмыстарының жүргізіліп жатқанынан тұрғындар құлақтандырылмаған болуы мүмкін. Дүмпулерді сезген халық хабардар болғанда үйді уақытша босататын едік дейді. Ал көктем келсе жандарын шүберекке түйіп, құжаттарын оңай жерге қоюға дағдыланған арал тұрғындары дабыл дауысын естісек есікке тұра ұмтыламыз дейді. Жылда қайталанатын көрініске көз үйренсе де, көңіл тыныш емес. Себебі қауіпсіз жерде жатсақ та, үй – жайды ойлап мазамыз қашады дейді. Қонақ үйге көшірілген тұрғындар таң сәріден үйлерін бақылап қайтуға бара алмай жүр. Аралға апарар жолды торуылдаған полицейлер ешкімді өткізбек емес. Соның кесірінен тіпті кейбірі баспанасына судың кірген кірмегенін де білмейді. Ал Семейліктерді сергелдеңге салып қойған судың келуін қала басшысы қолдан жасалынған дүние дейді. “Бүгінгі болып жатқан нәрсе Семейде ол табиғат емес, қолдан ол өзі қолдан жасалған нәрсе.  Алдында беріп отырған 500-600-650 куба метр берілген су, мына аяқ астынан 27-28-ші наурызда үш есе суды көбейтіп жіберді. 1800 болды барлығы. Сол су артық су бүгін бізге Семейге келіп,  Семейдің тұрғындарын әуреге салып жатыр”, – дейді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов.
Әуреге салғаны былай тұрсын, бүгін Семейдің тағы бірнеше ауданын су басты. Ал әзірге мұз жару жұмыстарнының қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.

stan.kz
30 наурыз 2018 ж. 978 0